Семейде жол апатынан соң оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші қолға түсті

1580
көрілім

Қараша айының 3-і күні таңғы сағат 07:00 шамасында Семей қаласында «Ваз 21114» автокөлігінің 29 жастағы жүргізушісі Тәңірбергенов-Народная көшесінде айналма жол айрығымен аспалы көпір бағытында келе жатып рөлге ие бола алмай темір қоршауға соқтығысқан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 41 жастағы автокөлік жолаушы алған дене жарақатынан мерт болды.

- Сол сәтте жүргізуші оқиға орнынан ізін суытқан, алайда қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде полиция қызметкерлері «ВАЗ 21114» автокөлігінің жүргізушісін «Бобровка» саяжайында құрықтады, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі қағидаларын бұзу) және ҚР ҚК 347-бабы бойынша (жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Қазіргі уақытта жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданбақ.