Семей қалалық Полиция басқармасы Әуезов полиция бөлімінің «102» жедел арнасына қала тұрғыны қоңырау шалып, жүк көлігінен құрал-саймандарының ұрланғанын жеткізген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Полиция департаменті таратқан мәліметке сәйкес 55 жастағы қала тұрғыны хабарласып, сәуір айының 13-і күні сағат 09:00-ден 10:00-ге дейінгі уақыт аралығында бейтаныс адам Широкая көшесінде орналасқан шаруа қожалығында, «ЗИЛ 5301Е-3724» автокөлігінен автомагнитола, музыкалық динамиктер, кілттер жинағы мен домкрат ұрлап кеткеніндігіне шағымданған. Осылайша 100 000 теңгеден астам сомаға залал келтірді.
- Жедел-іздестіру шаралары барысында кылмыстық полиция қызметкерлері ізін суытпай 41 жастағы күдіктіні анықтады, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігіне (ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.