Семейде жылқы ұрлаған ер адам ұсталды

383
көрілім

4 қыркүйек күні Әуезов полиция бөліміне шаруа қожалығының иесі шағымданып, өрістегі жылқыларының жоғалып кеткенін айтқан, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Оқиға Знаменка ауылы маңында болды. Қараусыз жайылған бес бас жылқыны белгісіз біреулер айдап әкеткен. Келтірілген шығын көлемі 1 миллион теңгеге бағаланды.

– Қылмыстық іздестіру қызметінің мамандары із суытпай 59 жастағы ер адамды қолға түсірді. Бұрын да сотталған еркек көршілес шаруа қожалығының малшысы екені анықталды. Ұрланған жылқылар иесіне қайта қайтарылды. Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөліміне  сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.