Семейдегі ХҚКО бөлімдерінде шектеу енгізілді

1263
көрілім
Шартты фотосурет

Өңір бойынша бас мемлекеттік санитарлық дәрігері 12.06.2020 жылғы қаулысы негізінде 15 маусымнан бастап Халыққа қызмет көрсету бойынша Семей қалалық бөлімдері карантиндік шараларын сақтау мақсатында жұмыс уақытына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ ШҚО бойынша филиалына сілтеме жасап.

Құжаттарды қабылдау санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 1414 байланыс орталығы немесе egov.kz сайтындағы арнайы сервис арқылы кезек уақытын алдына ала брондау арқылы жүзеге асырылады.

Айта кету керек, жеке тұлғалар мемлекеттік қызметтерді egov.kz электронды порталы, eGov Mobile мобильді қосымшасы және телеграмдағы egovkzbot2.0, сондай-ақ Facebook және Vk әлеуметтік желілері арқылы алуды жалғастырады.

ХҚКО-ның жұмыс кестесі: Дүйсенбі-сенбі күндері аралығы 10.00-ден 18.00-ге дейін.