Семейлік ата-аналар «Мектеп өмірінің бір күні» жобасына қатысты

420
көрілім

Семейдегі № 10 орта мектебінде қаладағы білім ордаларының басшылары ата-аналар қауымымен кездесті, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Кездесуге оқушылар, ата-аналар, мұғалімдер мен білім бөлімдерінің өкілдері қатысты. Шара «Мектеп өмірінің бір күні» жобасы аясында өтіп, ата-аналарды мектеп жанындағы үйірмелер мен клубтардың жұмысмен таныстыруды мақсат етті.

 Білім бөлімінің басшысы Наталия Фесенко мұндай шара 2025 жылға дейінгі білім саласын дамыту бағдарламасында қарастырылғанын атап өтті.

- Осындай шаралар  оқу жылының басынан  қолға алынып келеді. Бұрын «Ашық есік» күні деп аталатын шара  мемлекеттік бағдарламаға сай «Мектеп өмірінің бір күні» деген атаумен  өткізілуде. Біз нақты тақырыптарды таңдап, оқушы балаларымыздың  қандай пәндік білімге бейім екендіктерін көрсетуді мақсат еттік, - дейді Наталия Фесенко.

 Оқушылар бұл күні Абай шығармаларын орындап, эко-көрмені көрсетсе, әскери бөлімнің  қамқорлығындағы  «Жас сарбаз» сыныбының тәрбиеленушілері  әскерилермен бірлесіп Калашников автоматын   бұзып-жинау шапшаңдығын көрсетті.

Кездесу барысында  ата-аналар оқушылардың өзге де маңызды жобаларымен танысты.