Семей қаласындағы жеке үйдің жертөлесінде оқыс оқиға орын алды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
Оқиға 15 ақпан күні сағат 00.00 шамасында Краснокордонный көшесінде тіркелген.
- Ер адам үйінің жертөлесінде алкаголь өнімін (самогон) дайындау кезінде жанып тұрған газ плитасына спирт төгіп алады. Нәтижесінде үстелдегі қоқыс өртенген, - дейді Семей қалалық ТЖБ баспасөз қызметі. - 48 жастағы үй иесі кенеттен тұтанған жалынды өздігінен өшіруге әрекет жасаған. Соның салдарынан аяғын күйік шалған.