Мажарстанның Дебрецен қаласында өткен бокстан Иштван Боскайды еске алуға арналған халықаралық турнирде жерлесімізге жүлде бұйырмады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Семейлік Ермахан Жақпеков 2018 жылы жастар арасындағы Әлем чемпионатында 69 келіде күміс жүлдеге ие болған. Содан іле 75 келіге ауысты. Биыл алғашқы ірі додасына тәжірибелі былғары қолғап шеберлерімен жұдырық түйістіріп, жоғары әзірлікпен барған еді. Алғашқы айналымды жеңіспен бастады. Алайда 1/8 финалда төрешілердің күмәнді шешімімен Францияның фице-чемпионы Виктор Йокаға жол берді.
Әділхан ЕСІМХАНОВ