Семейлік боксшылар ел чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

399
көрілім

Алматы облысының Қаскелең қаласында 2006-2007 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында ел чемпионатының аймақтық жарысы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Жақсылық Үшкемпіров атындағы Семей спорт академиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған жарыстан әдеттегідей, спорт академияның балғын былғары қолғап шеберлері де шет қалмады.

Қуаныштысы сол, боксшылар шаршы алаңда шалт қимылдап, жоғары нәтижелер көрсетті. Айталық, 67 келіге дейінгі салмақта Әмірхан Шылбырбаев пен 70 келіде Шыңғыс Шағанның бабы келісіп, бірінші орын иеленді. Қос алтын медальға 40 келі салмақтағы Ерасыл Аманғалиевтің қола жүлдесі қосылып, жерлестеріміз Қаскелеңдегі бокс бәсекесінде ойдағыдай өнер көрсетті.