Семейлік дзюдошы республикалық турнирде үздік шықты

355
көрілім

Жерлесіміз дзюдодан елордада өткен жасөспірімдер мен кіші жасөспірімдер арасындағы республикалық турнирде топ жарды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жақсылық Үшкемпіров атындағы Семей спорт академиясында жаттығатын Елдар Ерғазыұлы 38 келі салмақта қарсылас шақ келтірмей, үздік шықты. Әсіресе ақтық сындағы кездесуі жарқын өтіп, жеңіске деген жігері талайды таңырқатты. Бұдан бөлек, аталмыш спорт академиядан тағы 37 спортшы өз мүмкіндіктерін байқаған болатын.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласындағы татами тартысына дзюдошыларды II дәрежедегі жаттықтырушы-оқытушы Олжас Мұратбеков бастап барды.

Фотосурет Жақсылық Үшкемпіров атындағы Семей спорт академиясынан