Семейлік дзюдошы Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды

663
көрілім
Фотосурет obvk.kz сайтынан

Семейлік дзюдошы Ләззат Бахтиярова Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өтіп жатқан XXIV Сурдлимпиада ойындарында қола медальға ие болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Сөзсіз, Шығыс Қазақстан спорты үшін тарихи нәтиже. Басқасы басқа, мүмкіндігі шектеулі жандар арасында әлемдік аламанжа олжас салу ерік-жігердің ерек екендігінің бір көрінісі. Ләззаттың бапкері Мадина Тоқтамысованың айтуынша, Кашиас-ду-Сул үш мыңнан астам атлеттің басын қосты. Шәкірті барлық қарсыласын сенімді ұтқан, тек финалда сәттілік жетіспеді.

– Сурдлимпиадаға 100 мемлекеттен спортшылар келіп қатысты. Ләззат бірінші күні сайыс қожайынымен жолығып, қылқындыру әдісімен жеңді. Сосын Польшаның үздігін ұтты, тек жартылай финалда түрік қызы, Олимпиада чемпионына есе жіберді, – деді бапкері.

Десе де жерлесіміз командалық есепте сәтті өнер көрсетіп, өзге отандастарымызбен бірлесе қола медальға қол жеткізді.

Мамыр айының 10-ы күні туыс-туғандары мен облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері дзюдошыны Өскемен әуежайында қошеметпен күтіп алды.

Әділхан ЕСІМХАНОВ