Грек-рим күресінің өкілі, жерлесіміз Нұрсұлтан Тұрсыновтың күрестен шеттетілу мерзімі ақпан айының соңында аяқталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Естеріңізде болса, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері 2016 жылы тыйым салынған препаратты қолданды деп үлкен спорттан шеттетілген болатын. Бұдан іле Біріккен Күрес Әлемі жерлесіміздің қанынан мельдоний табылды деп жазалаған-ды. Дегенмен сол уақытта еліміздің күрес федерациясы аталмыш мәселе бойынша ресми мәлімдеме жасамаған еді. Ресми күрес парақшасының мәліметінше, Азия чемпионының үлкен спорттан шеттетілу мерзімі ақпан айының соңында аяқталып, жуық арада бозкілемге оралуы әбден мүмкін.
Әділхан ЕСІМХАНОВ