Семей қаласының тұрғыны құжаттары мен қомақты қаржы салынған жоғалған сөмкесін тауып берген полиция қызметкеріне әлеуметтік желілер арқылы алғысын білдірді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Оқиға 8 қазан күні таңғы сағат 9.00 шамасында орын алды. Әуезов ПБ учаскелік инспекторы полиция капитаны Данияр Серкембаев өзі қызмет ететін учаскелік полиция пунктіне қарасты Карменов көшесінің бойында келе жатып, қоңыр түсті иесіз сөмкені көреді. Сөмкені ашып қарағанда ішінен «Самсунг» маркалы ұялы телефонын, 200 000 теңге ақша мен құжаттары салынған әмиянды байқайды.
Бірден зат иесін анықтауға кіріскен ол, басқармаға хабарласып, база арқылы азаматшаның тұрғылықты мекенжайын анықтаған. Бірнеше минуттың ішінде тауып алған заттарды иесіне қайтарып, алғысын алды.