Семейлік спортшы AIBA бокс академиясында жаттығуда

726
көрілім

Еліміздің ерлер ұлттық құрамасы Алматы облысындағы оқу-жаттығу жиынына қатысуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бірлескен оқу-жаттығу жиыны аңтар айының 5-нде басталған. Жыл басталғалы былғары қолғап шеберлері үш мемлекеттен келген боксшылармен дайындық жүргізуде. Куба, Жапония және Мажарстан елдерінің алдыңғы қатарлы спортшылары отандастарымызбен спаррингтер өткізіп, өздерінен бір-екі салмақ дәрежесі жоғары боксшылармен де тәжірибе алмасуда.
Айта кетейік, жерлестерімізден аталмыш оқу-жаттығу жиынына семейлік Ермахан Жакпеков қатысуда. Ересектер арасында енді қарқын алып келе жатқан спортшы өткен жылы бірнеше халықарлық турнирлерге қатысып, тәжірибе жинақтаған болатын. Ал бұл жолы кубалық Хулио Сесар де Ла Крус сынды тәжірибесі толысқан былғары қолғап шеберлерімен жұдырық түйістіріп көруге мүмкіндік бар.
Әділхан ЕСІМХАНОВ