Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің 29 студенті Оңтүстік Кореяның Сокчо қаласындағы Кьюнгдонг университетінде тегін жазғы курстарға қатысады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Студенттер Оңтүстік Кореяға Шәкәрім және Кьюнгдонг университеттері жасасқан екіжақты меморандум аясында барып қайтады.
Үш айлық курстарда қазақстандық студенттер халықаралық бизнес, компьютерлік технологиялар, корей тілі мен әдебиеті пәндері бойынша оқиды. 6 маусымда педагогтар өз студенттерін алыс сапарға шығарып салады.