Семейлік студенттердің сыбайлас жемқорлық туралы пікірі қандай?

12809
көрілім

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Зияткерлік жастар қауымдастығы» қоғамдық қорымен бірге, жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған облыстық пікірталас турнирін өткізді.

 

Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру елдің стратегиялық дамуының негізгі факторы болып табылады. Турнирдің мақсаты студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті насихаттау, олардың азаматтық ұстанымдарын дамыту және жастардың қоғамдық мәселелерді шешудегі білімдерін қалыптастыру.

Британдық парламенттік форматта ойнатылған турнирде 16 команда бақ сынасты.

Турнирді өңір бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Ерік Татубаев ашты.

«Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлық мәселесі Қазақстан Республикасында ғана емес, әлемнің барлық елдерінде үшін өзекті мәселе болып табылады. Нағыз құқықтық мемлекет құру үшін сыбайлас жемқорлықты жою қажет. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті Біз, ең алдымен, өзімізден бастауымыз керек!»,-деп атап өтті Ерік Татубаев.

Пікірсайыс барысында студенттер ел үшін маңызды мәселелерді талқылады, сыбайлас жемқорлықтың өзекті мәселелері жайлы пікірлерін білдіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ағымдағы міндеттерді шешу жолдарын ұсынды.

«Бүгін, Біз, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушіліктің тиімді тетіктерін табуға тырыстық. Пікірталас барысында ақиқат айқындалады. Жарыс ұйымдастырушыларына пікірталас жүргізу арқылы білім мен тәжірибе алмасуға мүмкіндік бергені үшін алғысымды білдіремін», - деді турнир қатысушысы Нұрбақыт Исахан.

«Зияткерлік жастар қауымдастығы» қоғамдық қорының төрағасы – бас төреші Қуаныш Молдақашев: «Дебаттық турнирлер белсенді жастардың әлеуетін ашуға, өздерінің көзқарастарын саяси сауатты түрде білдіруге көмектеседі. Сондықтан пікірсайысшылардың қозғалысы өте маңызды. Себебі жастар – еліміздің болашағы!», - деп атап өтті.

Турнир қорытындысы бойынша «Салауат-Парасат» командасы (Ілияс Мұқанов, Еркебұлан Хасанов) жеңімпаз атанды. Финалистердің қатарынан «Ұлағат» командасы (Нұрсипат Жолдасова, Еркежан Насырова), «00447» командасы (Ержан Қабдылқақов, Нұрбек Бейсенов), «Сөйлеу» командалары (Аяулым Балабек, Нұрбақыт Исахан) табылды.

Турнир барысында Нұрбақыт Исахан «Үздік спикер» атанса, «Үздік төреші» – «Парасат» дебат клубының жаттықтырушысы Райымбек Өмірбаев.

Ұйымдастырушылар қатысушыларды кубоктармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.