Семейлік тұрғын әлеуметтік желі арқылы ұлтаралық қақтығыс тудырмақ болған

443
көрілім

Семей қаласының тұрғыны заңға қайшы әрекеттер жасағаны үшін психиатриялық стационарға мәжбүрлі түрде емделуге жіберілді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


ШҚО ПД қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында 32 жастағы қала тұрғынын заңсыз әрекеті үшін қамауға алды.
Заңбұзушы "Вконтакте" әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында ұлтаралық араздыққа шақыратын мәтін түрдегі үндеулерін жариялаған.   
– Психиатриялық сараптаманың нәтижесі бойынша сот айыпталушыны қылмыстық жауапкершіліктен босатты. Оған қатысты ҚР ҚК 93-бабының 1-бөлігінің 2-тармағына сәйкес жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу шарасы қолданылды, – деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.