Өзі қатысқан халықаралық додалардың көбінде дерлік жүлдегер атанған Жанна Мамажанова биыл Парижде өтетін төртжылдықтың басты бәсекесінде бақ сынайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жерлесіміз 42,1 шақырымға (марафон) жүгіруден Роттердам қаласында (Нидерланды) өткен ауқымды жарыста ел рекордын жаңартты. Бұл нәтижемен қатар ол Олимпиада ойындарына жолдама иеленді. Аталған сында эфиопиялық Эшет Бекере топ жарды. Нақты айтсақ:
1. Эшет Бекере - 2:19:30 (Эфиопия)
2. Виола Кибивот - 2:20:57 (Кения)
3. Селли Чепйего Каптич - 2:22:46 (Кения)
... 9. Жанна Мамажанова - 2:26:42 (Қазақстан)
Айта кетейік, семейлік желаяқ 2022 жылы Роттердамдағы аламанда 2:26:54 уақытын көрсеткен болатын. Қазір ол 30 жаста. Париж Жаннаның екінші Олимпиадасы.
Әділхан ЕСІМХАНОВ