Тәртіп сақшыларына қала тұрғыны қоңырау шалып, алаяқтың арбауына түскенін айтқан, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Оның айтуынша, 3 қазан күні бейтаныс адам «Money man», «Честное слово» және «Вики» сайттары арқылы 3 онлайн шағын несиені әйелдің атына рәсімдеген. 538 000 теңгеге нәзік жандыны қарыздар қылған заңбұзушы із суытпақ болған. Алайда жедел-іздестіру шаралары кезінде полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді.
– Анықталғандай несие рәсімдеуші 31 жастағы зайыбы болып шықты. Құжаттарының көшірмесі мен банк картасының нөмірін пайдаланған ол, осындай заңбұзушылық жасаған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деп мәлімдеді Семей қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі.