Тәртіп сақшыларына шағымданған қала тұрғыны «Lexus» маркалы көлігін белгісіз біреудің ұрлап кеткенін айтқан, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Полицейлер жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырып, күдіктіні қолға түсірді. Заңбұзушылық әрекетке барған 31 жастағы азамат шағымданушының танысы болып шыққан.
– Көлік жүргізу куәлігінен айырылған құқықбұзушы мас күйде рөлге отырып, орталық алаң маңында «Lada» маркалы көлікпен соқтығысқан. Қазіргі уақытта оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Заңбұзушы 200-баптың 1 бөлімі және 346-баптың 1 бөліміне сәйкес заң алдында жауап береді, – дейді Семей қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі.