Алдағы сенбіде облыс орталығында кезекті ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл жолы «Freshmarket» фермерлік гастрономының алдында (Сәтпаев даңғылы) өтетін жәрмеңкеде Алтай ауданының, ал «Дос-Нар» базарында Катонқарағай ауданының кәсіпкерлері өз өнімдерін ұсынбақ. Тұрғындар назарына әдеттегідей арзан бағада ет, балық, май, сүт өнімдері, күнбағыс майы, бал, көкөніс саудаланады. Кезекті ауылшаруашылығы жәрмеңкесі алдағы сенбіде, яғни ақпан айының 26-сы күні сағат 8:00-де басталады.
senbi_kuni_oskemende_zhermenke_otedi
49