Алдағы сенбіде облыс орталығында кезекті ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл жолы «Freshmarket» фермерлік гастрономының алдында (Сәтпаев даңғылы) да, «Дос-Нар» базарында да Өскемен қаласының кәсіпкерлері өз өнімдерін ұсынбақ. Тұрғындар назарына әдеттегідей арзан бағада ет, балық, май, сүт өнімдері, күнбағыс майы, бал, көкөніс саудаланады. Кезекті ауылшаруашылығы жәрмеңкесі алдағы сенбіде, яғни наурыз айының 26-ы күні сағат 8:00-де басталады.
senbi_kuni_oskemende_zhermenke_otedi_1
59