Қырық үш жастағы өскемендік суретші Сергей Елисеев туған өлкесінің таңғажайып сұлу пейзаждарын салады. Оның шығармашылығы тек өзінің сұлулығымен ғана емес, шебер техникасымен де көз тартады. Ал ең таң қалдыратыны, шебер суреттерін қолымен салмайды.
Суртеші Елисеев өзі бейнелеген жерлерде болып көрмеген. Балалар сал ауруы деп аталатын қорқынышты диагноздың Сергейдің ел-жер аралауына шектеу қойып тастағаны қашан. Оған қарапайым қимыл-қозғалыстың өзі қиынға соғады. Бірақ шығармашылыққа деген құмарлығы мен ниеті бұл тығырықтан шығуға жол ашты. Конструкциялауды болашақ суретші бала кезінен жақсы көрді. Қолы аз да болса икемге келетін кездері ол үнемі бір нәрсе құрастырып отыратын. Желкенді кемелердің үлгісін жасап, достарына сыйға тартатын. Өз қолымен телескоп құрады. Сырқаты үдей түскенде қолы әлсіреп кетеді. Бірақ Сергей еш мойымады. Ақыл-ойын қоса отырып, сурет салу үшін қылқаламды иегінде ұстап түратын арнайы құрылғы жасап алды.
— Мен тек өз ақылымды пайдалана білдім, — дейді ол.
Шынымен де, шебердің шығармашылығында оның ақылы басты рөл атқарады. Сергей жұмыстарынының тақырыбын интернеттен алады екен. Фотосуреттерді қарап, оларды кенепте бейнелейді. Айтуынша, тынық жаз кештерін салу қолынан жақсы келеді. Бірақ кез келген көрермен де, белгілі суретшілер де оның барлық суреттерінің ерекшелігін байқай алады. Сергейдің қазір жүзден аса суреттері бар. 2015 жылдан бері облыстық өнер мұражайында оның алты жеке көрмесі өтті.
Сергеймен жүзбе-жүз тілдескендер оның өзіндік ерекшелігін де бірден байқайды. Суретшінің көздері бақытты, жарыққа толы. Ол үшін бақыт — бұл қиындықты жеңіп шығу, өзіндегі жарық сәулесімен басқа адамдармен бөлісу мүмкіндігі. Ал ол үшін бір ғана ақыл аздық етеді, ол шығармашылығына бар жанын салу керек. Көркем суретші Сергей Елисеев дәл осылай істейді.
Өзіңізге ұнаған үміткер үшін «Рухани жаңғыру. Қазақстанның 100 жаңа есімі» сайтында дауыс беруіңізге болады: http://100esim.el.kz/ru
Сайттың бас бетінде жобаның мәреге жеткен барлық үміткерлерімен танысуға болады.
Әлеуметтік желі немесе пошта арқылы авторизациядан өткеннен кейін сіз өмірбаяны өзіңізге ұнаған адамға дауыс беру құқығына ие боласыз.
Дауыс беру келесі категориялар бойынша жүргізіледі: ғылым, қоғам, медцина, спорт, мәдениет, бизнес. Әр категорияда үш қатысушыны ғана таңдауға болады.
Біздің замандасымыздың ұжымдық келбеті толық әрі айқын болуы үшін Қазақстанның 100 жаңа есімін таңдауға қатысыңыз.