Сергей Лукашенко – қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының радиоэкология бойынша Бас директоры және Радиациялық қауіпсіздік пен экология институтының басшысы. Ленсовет атындағы Ленинградтық институттың (Техникалық университет) инженерлік физика-химиялық факультетін «Радиациялық химия» мамандығы бойынша 1986 жылы бітіріп, ҚазКСР ғылым Академиясының Ядролық физика институтына (ЯФИ) жолдама алды. 1995 жылы Аустрияның Зайберсдорф қаласындағы Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің (МАГАТЭ) зертханаларында 2 ай тағылымдамадан өтеді.
Бұл кездерде негізгі ғылыми қызығушылық салалары радионуклидті және элементтік талдау әдістерін әзірлеу, оның ішінде жоғары жиіліктегі индуктивті-байламалы плазмамен атомды-эмиссиялық талдау әдісін пайдалану еді. ЛАРИ-ның мамандарымен ынтымақтастықта ол биологиялық маталар, органикалық қазбалар, радиофармацевтикалық препараттар және т. б. объектілерге бірқатар талдау әдістемелерін әзірледі. Осы салада Сергей Николаевич 2 республикалық патент алып, алты ғылыми жұмыс жариялаған болатын.
1997 жылы Ядролық физика институтының қолданбалы ядролық физика бөлімінің (ҚЯФБ) басшысы болып тағайындалады, сол жерде 2006 жылға дейін қызмет етті. Бұл кезеңдерде оның ғылыми қызметінің негізгі салалары: радиоэкология, әр түрлі радиациялық қауіпті объектілердің жай-күйін зерттеу, бейбіт ядролық сынақтардың өткізу орны (ЛИРА объектілері, Батолит, Аймақ және т.б.) Семей және Азғыр — бұрынғы сынақ полигонын қоса алғанда, Алматы және ақтау қалаларындағы атом реакторлық қондырғылары, уран өндіру және уранды қайта өңдеу өнеркәсіп нысандарымен қатар, ҮМЗ және т. б. қалдық сақтау қоймалары, жоғары табиғи радиациялық сипаттамалары бар нысандар мен аумақтар.
Осы уақыт аралығында С.Н.Лукашенконың тікелей қатысуымен және басшылығымен төмен фондық өлшеудің жаңа зертханасы құрылды. Сергей Николаевичтің қызметінің тағы бір бағыты — Қазақстанның түрлі аймақтарында ЯФИ филиалдарын құруы: Курчатовта, Ақсайда, Ақтауда. Бұлардың негізгі қызмет саласы радиоэкологиялық зерттеу болып табылады.
Сергей Лукашенко бірнеше мәрте ірі республикалық және халықаралық жобалардың менеджері немесе ғылыми жетекшісі болып тағайындалған. Ол Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың Семей сынақ полигоны ауданындағы радионуклидті ластануды зерттеу мен олардың салдарын жою тәселдерін анықтау бойынша жобаларға белсенді қатысады. Лукашенконың халықаралық жобаларының тізімінде НАТО сызығындағы Телькем-1,2 нысандарындағы радиациялық жағдай, сондай-ақ, АЭЖХА бағдарламалары бар. Атомдық Энергия бойынша Халықаралық агенттік Сергей Николаевичтің білімі мен тәжірибесін жиі қолданып, оны өздерінің жобаларына сарапшы және кеңесші ретінде тартады. Ғалым 15-тен астам халықаралық ғылыми конференцияларға қатысып, орыс және ағылшын тілдерінде 80-нен астам ғылыми жұмыстар жариялаған.
Өзіңізге ұнаған үміткер үшін «Рухани жаңғыру. Қазақстанның 100 жаңа есімі» сайтында дауыс беруіңізге болады: http://100esim.el.kz/ru
Сайттың бас бетінде жобаның мәреге жеткен барлық үміткерлерімен танысуға болады.
Әлеуметтік желі немесе пошта арқылы авторизациядан өткеннен кейін сіз өмірбаяны өзіңізге ұнаған адамға дауыс беру құқығына ие боласыз.
Дауыс беру келесі категориялар бойынша жүргізіледі: ғылым, қоғам, медцина, спорт, мәдениет, бизнес. Әр категорияда үш қатысушыны ғана таңдауға болады.
Біздің замандасымыздың ұжымдық келбеті толық әрі айқын болуы үшін Қазақстанның 100 жаңа есімін таңдауға қатысыңыз.