Серік Толықпаев. Қазақстанның агросекторы үшін уайымдамауға болады

479
көрілім

Ұлан ауданы Бесқарағай ауылының тумасы, Қазақстандық ауыл шаруашылық институтын бітірген. Серік Құлымбекұлының өмірбаянымен таныса отырып, туған жері үшін қызмет еткен азамат екеніне көз жеткіземіз. Кәсіпкер, акционер, ал қазір «Өскемен құс фабрикасы» АҚ бас директоры (Ұлан ауданы).

Оның жетекшілігімен кәсіпорын Индустриаландыру Картасының аясында өндіріс көлемін жылына 25 мың тоннаға дейін өсірді.

2013 жылдың соңында «АЕӨ» (Aitas- мясопродукты) жобасы жүзеге асырылды. 2015 жылы Ақмола облысындағы «МҚФ» Макинск құс фабрикасы жобасы бастау алды. Оның қуаттылығы 60000 тонна.

Қазақстанның бұл ірі агросекторы тұрғындар үшін қосымша жұмыс орындарын құруға, жергілікті өндірістің үлесін Қазақстанда 15-20 пайызға көтеруге, елдің солтүстік және орталық аймақтарын жоғары сапалы құс етінің өнімімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Серік Құлымбекұлы бизнесін табысты басқара отырып, әлеуметтік жобаларға да өз үлесі мен қаражатын салуда. Олардың қатарында: Қасым Қайсенов кентіндегі стадионды ұйымдастыру, Катонқарағай ауданындағы Белқарағай ауылындаы мешіттің құрылысы, Өскемен қаласының маңындағы экологиялық саябақ, Қасым Қайсенов кентіндегі «ӨҚФ Ардагерлерінің Саябағы» және т.б.

Серік Толықпаевты стратегиялық ашық көруі оны табысты басшы ретінде ерекшелендіреді, өршіл жоспар құрып қана қоймай, олард жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Өзіне тән адамдық қасиеттері барлық бастамада ұжымның қолдауына ие болуына жағдай жасайды.

«Өскемен Құс фабрикасы» АҚ 2010 жылы облыстағы үздік салық төлеуші болып танылды. Ал 2010 жылдың желтоқсан айында «Қазақстанның үздік тауары» республикалық конкурс-көрмесінде «Үздік азық-түліктік тауар» номинациясында жеңімпаз атанды.

Кәсіпорын 2000 жылдан бастап PWC Компаниясының МСФО стандарттары бойынша аудицияланады. Фабрика қазақстандық қор биржасында листингтелген. «Өскемен Құс фабрикасы» АҚ IFS қаржыландырған Қазақстандағы алғашқы кәсіпорын болып табылады. 2015 жылы Қазақстанның тез өсіп келе жатқан 25 компанияның қатарына кіріп отыр.

Өзіңізге ұнаған үміткер үшін «Рухани жаңғыру. Қазақстанның 100 жаңа есімі» сайтында дауыс беруіңізге болады: http://100esim.el.kz/ru

Сайттың бас бетінде жобаның мәреге жеткен барлық үміткерлерімен танысуға болады.

Әлеуметтік желі немесе пошта арқылы авторизациядан өткеннен кейін сіз өмірбаяны өзіңізге ұнаған адамға дауыс беру құқығына ие боласыз.

Дауыс беру келесі категориялар бойынша жүргізіледі: ғылым, қоғам, медицина, спорт, мәдениет, бизнес. Әр категорияда үш қатысушыны ғана таңдауға болады.

Біздің замандасымыздың ұжымдық келбеті толық әрі айқын болуы үшін Қазақстанның 100 жаңа есімін таңдауға қатысыңыз.