Синоптиктердің болжауынша, сәрсенбі күні жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, кей жерлерде бұршақ жауып, дауыл соғуы ықтимал, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«21 тамызда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты еліміздің солтүстік, орталық, шығыс бөлігінде жауын жауады, солтүстікте кей жерлерлерде қатты нөсер жауады. Кей жерлерде найзағай, жел күшеюі, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін», делінген болжауда.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеуі мүмкін.
Сондай ақ бірнеше өңірде жоғары өрт қаупі сақталады.