Сәуір айында ШҚО-да халықтан қару сатып алу акциясы басталады

442
көрілім

Тұрғындар заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді полицияға тапсырып, сыйақы ала алады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Халықтан қару сатып алу бойынша акция Қазақстанда тұрақты негізде өткізіледі. Кезекті акция 10 сәуірде басталмақ.

Акция аясында азаматтар полицияға заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды тапсыруға мүмкіндік бар. Бұл жерде олар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылып қана қоймай, ақшалай сыйақы алады. Төлем мөлшері қарудың немесе оқ-дәрілердің техникалық жағдайына байланысты.

Мөлдір ЖАРЫЛҒАПОВА