Сейсенбіде еліміздегі 8 облыста аптап ыстық болады

618
көрілім

Атмосфералық ауа ағынының өтуіне байланысты Қазақстанның батыс, солтүстік-батыс және шығысында тұрақсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Кей жерлерде жаңбыр, найзағай болады, жел күшейеді, бұршақ, дауыл болуы мүмкін. Республиканың қалған аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Шығыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20, күндіз 25 м/с күшеюі күтіледі, жекелеген аудандарында бұршақ, дауыл болуы мүмкін. Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, таңертең және күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі, бұршақ, дауыл болуы мүмкін.

Оңтүстік Қазақстан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі шанды дауылмен күтіледі. Күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі.

Павлодар, түнде және таңертең Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Күндіз Алматы, Кызылорда, Ақтөбе облыстарында, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.

Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.