Жылу желісі аумағының жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы уақытша шектелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- 16 мамыр сағат 09:00-ден 30 мамыр сағат 17:00-ге дейін Шәкәрім даңғылы 10а (Шәкәрім даңғылы Красин көшесінің қиылысы) аумағындағы Абай даңғылына қарай қозғалыс жолағын жабу жоспарлануда, - деп мәлімдейді «Өскемен жылу желілері» АҚ қызметкерлері.