Шәкәрім университетінде «Парасат жолы» орталығы ашылды

2062
көрілім

«Парасат жолы» орталықтары өңірдегі барлық қалалық, аудандық кітапханаларда жүзеге асырылып жатқан жаңа жобалардың бірі. Күні кеше бұл орталық Семейдегі Шәкәрім универститетінің кітапханасында ашылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Салтанатты шараға республикалық «Парасат жолы» орталығының жетекшісі, жазушы, қоғам қайраткері Садыбек Түгел қатысты.

Алңаш болып сөз алған ректор кеңесшісі Берікхан Иісбекұлы аталған орталықтың Абайдың толық адам философиясы мен Шәкәрімнің ар ілімін насихаттау арқылы парасаттылық, ізгілікті дәріптейтін үлкен алаңға айналатынын атап өтті.

Сондай-ақ аталған іс-шараға ҚР сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департамент басшысы Ерлан Жалмағамбет, ҚР сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Жігер Байділдин, Семей қаласы әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев, өңірлік ақпараттық-ағартушылық штаб жетекшісі Арайлым Есімбекова қатысқандығын айта кеткен жөн.

– Ашылып жатқан орталықтың мақсаты – адалдық, парасатттылық қағидаттарын қалыптастыруға, ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын ілгерілетуге ықпал ету, – деді Департамент өкілдері.