– Биылғы жылдан бастап студенттердің шәкіртақысы өскендігі жайлы естідік. Алайда әркім әр түрлі айтуда. Бір танысым университет шәкіртақысының мөлшері 100 мың теңгеден асады десе, енді біреуі 60-70 мың көлемінде дейді. Келесі жылы балам бұйыртса, жоғары оқу орнына түспекші. Сол себепті біз шәкіртақының нақты қаншаға өскендігін білгіміз келіп еді.
Толқын, Үржар ауданы
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жастар жылының жабылу салтанатында 2020 жылдың қаңтар айынан бастап студенттерге, магистранттарға және докторанттарға шәкіртақының 25%-ға өсетінін жариялаған болатын. Кейін аталған тапсырманың қалай жүзеге асырылатыны туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Айтмағамбетов айтып берді.
– Студенттердің шәкіртақысын көтеруге республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлінеді. 1 қаңтардан бастап бакалавриат, магистратура және докторантурада оқып жатқан барлық студенттердің шәкіртақысы 25% өседі. Бұл Президенттің тапсырмасы және ол уақытында орындалады. Бір жылға ЖОО студенттеріне 13 млрд теңге қаржы бөлінеді, – деген еді министр.
Студенттердің шәкіртақысы нақты қанша сомаға өскендігі туралы ақпарат (суретте) ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми сайтынан алынды.