Күршім ауданында мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында қолкүресінен жарыс өткізілді, деп хабарлайды газет тілшісі аудан әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.
- Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында Барақ Батыр атындағы спорт кешенінде 18 жастан асқан мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында қолкүресінен жарыс ұйымдастырылды, - делінген аудан әкімінің сайтында.
Сайыста белсенділік танытып, жеңімпаз атанған мүгедектерге Мақтау қағаздары мен ақшалай сыйақылар табысталды.
Ерлен ОСМАНОВ