ШҚО-ның кейбір аудандарында биыл қардың жылдық нормадан көп түсуі алаңдаушылық тудырып отыр. Мәселен, Шемонаиха ауданында қар мөлшері жылдағыдан көп, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
ШҚО ТЖД мәліметі бойынша, Шемонаиха ауданында қардың мөлшері жылдық нормадан 20-25 пайызға артық. Қар жамылғысының биіктігі 90 сантиметрден асады.
Жалпы аудан бойынша 7 елді мекен, 505 үй және 1165 тұрғын су тасқыны бойынша қауіпті аймаққа түсіп отыр.
- Бүгінгі таңда аудан қардан тазалануда. Қазірдің өзінде 12 текше метрден астам қар шығарылды, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. - 200-ге жуық қап, инертті материалдар мен жанар-жағармай сатып алынды.