Қараша айының 10-ы күні Шемонаиха ауданы аумағында көші-қон қызметінің қызметкерлері зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықпен салыстырып-тексеру жүргізу кезінде Ресей Федерациясының азаматтығын алу фактісі тіркелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ер адам 2005 жылы Алтай аймағында азаматтық алып, Ресей Федерациясы азаматының төлқұжатын рәсімдегені белгілі болды. Алайда өзге мемлекеттің азаматтығын алу фактісі туралы ҚР Ішкі істер органдарына хабарламаған. Ресей азаматы бола отырып, ол 6 жыл бойы Қазақстан Республикасының аумағында зейнет жасына жеткеннен кейін зейнетақы алып отырған.
- Қазақстан Республикасының құжаттарын пайдаланғаны үшін ол ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабына сәйкес 100 АЕК көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта қазақстандық құжаттар тәркіленіп, азаматтықтан айырылу жағдайы тіркелді, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Полиция департаментінің көші-қон қызметі басқа елдің азаматтығын алған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды уақтылы тіркеу қажеттігілігін хабардар етеді.