Шемонаиха ауданында биыл 5 көпбалалы отбасы баспаналы болды

391
көрілім

Бұл туралы облыс орталығында өткен баспасөз конференциясында айтқан Шемонаиха ауданының әкімі Григорий Акулов алдағы жоспарларымен де бөлісе кетті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Аудан әкімінің айтуынша, әр жылы бекітілетін жоспар күнтізбесінде көпбалалы отбасыларды баспаналы ету мәселесі басты назарда. Одан бөлек, аудан оқушыларының біркелкі форма киюлеріне де 12 миллионнан астам қаражат жұмсалған.

- 2019 жылы көпбалалы отбасылар игілігі үшін 60 пәтерлі үй салуға тиісті құжаттар реттелді. Осы уақытқа дейін қамтылғаны 5 отбасы. Алдағы айларда қолға алған жұмысты соңына дейін жеткізіп, межелі көрсеткіштен түспеуді қадағалаймыз, - деді аудан әкімі.

Одан бөлек, аудан басшысының тапсырмасымен ауылды жерде тұратын 14 көпбалалы отбасыға "Парыз" қорының есебінен тұрғын үйлер пайдалануға берілген.

Әділхан ЕСІМХАНОВ