Шемонаиха ауданында есірткі қабылдаған көлік жүргізушісі анықталды

367
көрілім

Қазан айының 12-і күні «Рубеж» стационарлық-бақылау бекетінде патрульдік полиция қызметкерлері көлік тоқтату барысында, жүргізушінің есірткі қабылдағандығына күдіктенген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Нақты айтсақ, «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында ЖПҚБ патрульдік полиция батальоны қызметінің аға инспекторы Төлеген Арнұр «Mitsubishi» көлігі иесінің құжаттарын тексеру кезінде 26 жастағы жүргізуші психотроптық заттар әсерімен жүргендігіне күдіктенген.

- Тағайындалған наркологиялық сараптама нәтижесі Шемонаиха ауданы тұрғынының есірткіге мас күйде болғанын көрсетті. Аталған факті бойынша ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігіне (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық мас күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық мас күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, баптың санкциясы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алуды және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруды көздейді, - делінген мәліметте.