Шемонаиха ауданында көпір салынбақ

432
көрілім

Облыс әкімі Даниал Ахметов жаңа көпір құрылысына қатысты жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

«Үбі өзені арқылы өтетін көпірі бар технологиялық жолдың құрылысын бастау жоспарға алынды. Көлік және автомобиль жолдары басқармасына техникалық-экономикалық негіздеме жасау тапсырылды» деп жазды Инстаграмдағы парақшасында аймақ басшысы. Шемонаиха аудандық әкімдігі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бір бағытты қозғалыстағы технологиялық көпір жайлы жазған.

Айта кетейік, бұдан бөлек облыс әкімі Шемонаиха ауданына барған сапарында «Шығыстүстімет» ЖШС Артемьев өндірістік кешенінің екінші кезеңінің құрылыс барысымен де танысып қайтты. Бұл нысан үш жылдан кейін іске қосылуы мүмкін.