Шемонаиха ауданында меценаттар бөлген 1,2 млн теңгеге дәрі-дәрмектер мен 7 пульсоксиметр сатып алынды

329
көрілім

Бұл туралы аудан әкімі Григорий Окулов мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аудан басшысының сөзінше, облыстық қазына есебінен 5 ИВЛ аппараты, 6 оттегі концентраты және жедел жәрдем көлігі сатып алынған.

– Облыс бюджетінен бөлек, ауданымыздағы меценаттар тарапынан бөлінген 1,2 млн теңге қаржыға медициналық аппараттар және 7 пульсоксиметр алынды. Қазіргі уақытта дәрі-дәрмек қоры екі айға жетеді. Интенсивті терапия палатасы да қажетті аппаратармен жабдықталған. Бұдан бөлек, Усть-Таловка кентінде 50 төсек-орынға жабдықталған дәрігерлік-емханалық мекеме науқастарға қызмет көрсетуде. Жергілікті бюджеттен 4,8 млн теңге бөлініп, ауруханалардағы әр палата оттегі жүйесіне қосылып, 800 мың теңгеге дәрі-дәрмек сатып алынды, – деді Григорий Окулов.