Выдриха, Усть-Таловка ауылдарында да денсаулық сақтау нысанының маңайы мен саябақтар қоқыстан тазартылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы бір реттік акция емес екенін, жыл соңына дейін жүзеге асырылатынын ерекше атап өткен болатын. «AMANAT» партиясының мүшелері осы науқанға алғашқы күндерінен бастап белсенді түрде қатысып қолдау танытты.
Мемлекет басшысының бастамасы аясында «AMANAT» партиясы апта сайынғы «Таза бейсенбісі» экологиялық акциясын іске асыруға белсенді түрде атсалысып басымдық беруде.
- Шараға 400-ден астам партия мүшелері мен еріктілер Шемонаиха ауданы бойынша аумақты тазалауға шықты. Өзен жағалары, саябақтар мен скверлер, жол бойындағы аумақтар, қалалық жағажай-абаттандыру учаскелері қамтылды. Атап айтқанда, Шемонаиха қаласында партиялықтар жағажай волейболына арналған алаңды ретке келтірді, - дейді «AMANAT» партиясының Шемонаиха аудандық филиалының төрағасы Елена Шабанова.
Сонымен қатар акция аясында Выдриха, Усть-Таловка ауылдарында да денсулық сақтау нысанының маңайы мен саябақтар қоқыстан тазартылды.