Шемонаиха ауданында жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды

105
көрілім
Фотосурет Egemen.kz сайтынан

Марқұмды аталған ауданға қарасты Горкуново ауылы маңынан тауыпты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
1951 жылы 13 шілдеде туған ер адам Луговое ауылындағы үйінен шығып, сол күйі оралмаған.
- Даладан жоғалған ересек адамның денесі табылды. Әлдебір жарақат іздері байқалмайды, - делінген ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған мәліметте.
Қазір ауыл тұрғынының өлімі неден болғаны анықталуда.