Шемонаиха ауданының прокуратурасы заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тартылған 9 азаматтың құқығын қалпына келтірді

230
көрілім
Фотосурет prostoratbasar.kz сайтынан

Шемонаиха ауданының прокуратурасы құқық бұзушылық туралы хабарлаған азаматтарды негізсіз әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілерін анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Атап айтқанда, Шемонаиха қаласының тұрғыны М.В. Кузьмина қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішкен ер адамды көріп, полиция қызметкерлерін шақырған. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары құқық бұзушыны Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты.
- Арызданушының азаматтық ұстанымы мен құқық қорғау органдарының көмегіне қарамастан, полиция оны ҚР ӘҚБтК-нің 438-бабының 1-бөлігіне сәйкес арнайы қызметтерге көрінеу жалған қоңырау шалып, оларды шақырған үшін әкімшілік жауапкершілікке тартып, оған 103 500 теңге айыппұл салған.
Шемонаиха ауданы прокуратурасының қаулысымен полицияның заңсыз қаулысы жойылып,  М.В.Кузьминның құқықтары қалпына келтірілді, - делінген ақпаратта.
Жалпы, аудан прокуратурасы жыл басынан бері азаматтарды заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілері бойынша 9 азаматқа қатысты 1,1 миллион теңгеге полиция қаулыларының күшін жойды. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша бұзушылықтарға жол берген кінәлі полиция қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.