Шемонаиха ауданының тұрғыны бағдарлама орнатып беремін деп смартфон жымқырған

745
көрілім
Сурет ШҚО ПД

Сәуір айының басында Шемонаиха аудандық полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне 59 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, ұрлық фактісін айтқан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Егде жастағы адам әлдекімнің телефонына бағдарлама орнатып беремін деп 70 000 теңге тұратын смартфонын иемденіп кеткендігіне шағымданған.

–Жедел іс-шарасын жүргізу кезінде қылмыстық полиция қызметкерлері 51 жастағы күдіктіні қолға түсірді. Алаяқ өз кінәсін мойындап, айғақ заты тәркіленді, – делінген ШҚО ПД баспасөз қызметіндегілер.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігіне (алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оның санкциясы екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын  көздейді.