Шемонаиха ауданының тұрғыны гаражда марихуана сақтаған

381
көрілім
Шартты фотосурет

Қараша айының 1-нде «Рефлекс» жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында Шемонаиха аудандық полиция бөлімі қызметкерлері есірткі құралдарын заңсыз сақтау фактісі анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ресми мәліметке сүйенсек, Шемонаиха ауданы Первомайский кентінің 24 жастағы тұрғыны болып шыққан күдікті қолға түсті.

- Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жігіттің гаражынан 2 қағаз түйіншек пен ерекше иісі бар өсімдік тектес заты бар 2 полимер пакет табылып, тәркіленді, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Сарапшының қорытындысына сәйкес тәркіленген зат жалпы салмағы 1 221,6 граммды құрайтын кептірілген марихуана болып шықты.

Қаскөй мұны далада, Первомайский ауылының маңынан өзі пайдалану үшін жұлып алғанын айтты.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігіне сәйкес (өткізу мақсатынсыз есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен, сол тектестермен заңсыз жұмыс істеу) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оның санкциясында 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.