Шемонаиха аумағында туризмді дамытуға не кедергі?

120
көрілім

Облыс әкімдігінің кезекті отырысында «Мария жартасы» аталатын биіктің туристер назарына түсу үшін нақты шаралар қолданылуы керектігі айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Негізінен «Марьин утес» деп атайды. Көп ақпаратта жоғарыдағыдай қазақшалап жазылған. Ермек Көшербаев жазушы Анатолий Иванов қағазға түсірген көне оқиғаны еске түсіріп, «Мария жартасына» әлі талай туристің көзі түсетіндігіне сенім білдірді. Соны айтты да Шемонаиха ауданының әкімін Григорий Акуловқа бірнеше сауал қойды.
- Шемонаиха қаласынан 18 шақырымдай жерде Ресей тұр. Неге бұл аумақты туристік коллажға айналдырмасқа? Тарихи оқиғаны туризмдік бағытта қолдану керек. Өңір халқы мен тынығушылар үшін түрлі фестиваль өткізілсе, әр аудан өз өнімдерін таныстыра алатынын еді, - деді Ермек Беделбайұлы.