Шемонаиха мен Катонқарағай аудандарында дене шынықтыру және сауықтыру кешендері салынуда

387
көрілім
Шартты фотосурет

Бұл туралы облыс орталығында өткен депутаттық фракция жиынында белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жауапты тұлғалар аудандардағы бұқаралық спортты дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға да тоқталды.
- Қазіргі уақытта облыс көлемінде 13 спорттық нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде екі жүзу бассейні Күршім мен Үржар ауданында пайдалануға берілгендігі өздеріңізге мәлім. Сондай-ақ Катонқарағай мен Шемонаиха аудандарында заманауи дене шынықтыру және сауықтыру кешендерінің құрылысы жалғасын тапқан, - деді ШҚО Экономика және бюджетті жоспралау басқармасы басшысының орынбасары Фархат Белбеев.