Шемонаихада өртті өз бетімен сөндірмек болған әйел қолын күйдіріп, иіс газына уланған

464
көрілім
Шартты фотосурет - Chelyabinsk.ru - 74 сайтынан

Шемонаиха ауданында жеке тұрғын үйден шыққан өртті өз бетімен сөндірмек болған әйел қолын күйдіріп, иіс газына уланған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Бұл оқиға бүгін таңертең Шемонаиха ауданындағы Крылов көшесінде орын алған. Үй иесі бау-бақшаны жайғастырып жүргенде, үйден шыққан түтінді бірінші болып көршісі байқап, өрт сөндірушілерді шақырған. 1947 жылғы әйел ШҚО ТЖД өкілдері келгенше жалынды өз бетімен өшіруге талпынған. Нәтижесінде, иіс газымен уланып, қолының екі білезігін бірдей күйік шалған.  Өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері оқиға орнына келісімен бірден жалынның бетін қайтарған.   

– Тілсіз жаудың жалпы аумағы 2 шаршы метрді құрады, – деп хабарлады  ШҚО ТЖД баспасөз қызметі, – Өрттің шығу себебі отпен абайсыз әрекет етуден болуы мүмкін.

Ботакөз КЕНЖЕХАНОВА