Шемонаихада жер үй өртенді

160
көрілім

Шемонаихада ауданындағы өрт сөндірушілер жеке тұрғын үйде шыққан жалынды ауыздықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Шемонаиха қаласында 1 шілдеде жеке тұрғын үйдің шатыры мен веранданың ағаш құрылымдары өртенді. Сол жерге шұғыл келген өрт сөндірушілер 48 шаршы метр аумақтағы қызыл жалынды ауыздықтады.

- Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ. Алдын ала дерек бойынша оттың шығу себебі – электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамаудан, деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.