Шетел азаматы Қазақстанда төлқұжатын жоғалтып алса не істеуі керек?

22626
көрілім
Шартты фотосурет

Ең алдымен өзінің азаматтылығы бойынша елімен кідірмей байланысып, болған жағдайды хабарлауы тиіс, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мамандар сөзінше, ары қарай ұлттық төлқұжатын жоғалтып алуы туралы арыз беруі үшін орналасқан жері бойынша полиция бөліміне жүгінуі керек. Ішкі істер органдарынан алынған жоғалтып алынғанын растайтын анықтаманы қайта оралу куәлігін немесе уақытша төлқұжатты ресімдеу үшін жедел пошта арқылы өзінің азаматтылығы бойынша елінің елшілігіне жіберіліуі тиіс («Emergency passport»).

- Қайта оралу куәлігі немесе уақытша төлқұжат берілгеннен кейін шетелдіктің келген жері бойынша ШҚО ПД Көші-қон қызметінде шығу визасын ресімдеу керек. Өтінішіне қосымша ретінде ІІО-нан алынған анықтама тапсырылады, – деп түсіндірді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.

Шетел азаматы шығу визасы арқылы Қазақстаннан шығып, өзі тұратын еліне орала алады.