Шетелдегі қандастарымыз Қазақ радиосын онлайн режімде тыңдай алады

689
көрілім

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев xалық алдында есеп беріп, бірқатар маңызды сұрақтарға жауап берді. Соның ішінде шетелдегі қандастарымызға Қазақ пен Шалқар радиоларын жеткізу мәселесі де бар, деп xабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазіргі кезде шетелдегі қандастарымызға Қазақ радиосын жеткізудің бір-ақ жолы бар. Ол – радио желіні онлайн режімге көшіру. Біз осы салада арнайы жобаны іске асырамыз. Сонда шетелдегі қандастарымыз үшін Қазақ радиосы мен Шалқар радиосын онлайн режімде тыңдауға мүмкіндік береміз, – дейді Абаев.

Министрдің айтуынша, қазіргі кезде Қазақстанның өзінде кейбір шалғай аудандарда радио ұстамайды.

Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кейбір аудандарында радиолар толқыны дұрыс тартпайды. Сондықтан осы жылдың аяғына дейін Алматы мен Оңстүстік Қазақстан облыстарының мәселесін шешеміз деп ойлаймын, – деді Дәурен Әскербекұлы.