2018 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры ұсынатын жеке тұлғалардың жаңадан тартылған депозиттердің жылдық сыйақы мөлшерлемесі төмендейді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«ҚДКБҚ» АҚ Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес, 1 шілдеден бастап жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы жаңадан тартылған депозиттері бойынша ұсынылатын ең жоғарғы жылдық сыйақы мөлшерлемесі 12%-ға дейін төмендетіледі. Ал жеке тұлғалардың жаңадан тартылған шетел валютасындағы депозиттері бойынша ұсынылатын ең жоғарғы жылдық сыйақы мөлшерлемесі - сол деңгейде сақталады (1%)», - делінген баспасөз хабарламасында.
Депозит нарығының конъюнктурасы күрт өзгерген жағдайда, бұл мөлшерлемелерді Директорлар кеңесі және (немесе) «ҚДКБҚ» АҚ-ның жалғыз акционері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі, қайта қарауы мүмкін.