ШҚМУ-да «Қамқор бол!» қайырымдылық акциясы басталды

552
көрілім

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері бірқатар қайырымдылық іс-шараларын өткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Игі шараның құрамы жүректері жылулық пен махаббатқа толған студенттермен толықты. Жақсылық деген кез-келген адамның қуанышы емес пе! Еріктілер қаламыздағы Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, Қарттар үйіндегі қариялармен, көпбалалы отбасыларына қайырымдылық көмек жасады.

Қайырымдылық акцияның ашылу рәсімінде университеттегі тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімінің маманы Назым Аманжолова мен Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Мәрлен Әбубәкір сөз сөйледі.

– Шараның мақсаты – айналамыздағы жандарға, сәбилердің жүздеріне қуаныш сыилау. Сонымен қоса жастарды жақсылық жасауға ниеттендіру. Бұл шара әлі де жалғасын таба береді. Себебі жақсылық ешқашан тоқтамауы керек,- деді Мәрлен Әбубәкір.